Добавить новость
ru24.net
World News in Kazakh
Сентябрь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Қызылорда облысында қауіпті той кортежі полицияның назарына ілікті

0

Қызылордада той кортежінің жүргізушілері жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған. Бұл әрекеттер бейнебақылау камераларына түсіп қалған, - деп хабарлайды Tengri Auto.
Қызылорда облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, 11 тамызда той кортежіндегі көліктер жол ережесін өрескел бұзған. Соның нәтижесінде барлық жүргізуші тоқтатылып, полицияға жеткізілген.
12 жүргізушіге қатысты 33 әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды. Тағы 10 көлік арнайы тұраққа қойылды.
Қызылорда облысы полиция департаментінің мәліметінше, тексеру барысында қарсы жолаққа шығу, қауіпті маневр жасау, жол-көлік оқиғасына әкеп соғуы мүмкін жағдай туғызу, көлік жүргізіп келе жатып телефон пайдалану және қауіпсіздік белдігін тақпау деректері анықталған. Бұдан бөлек, жол ережесін бұзудың басқа да түрлері тіркелген.
Полиция өкілдері той немесе басқа да мерекелік шара жүргізушілерге жол ережесін бұзуға рұқсат бермейтінін еске салды.

"Той кортежіне жолда ешқандай артықшылық берілмейді. Заң талабын бұзған әрбір жүргізуші жауапқа тартылады", – деп мәлімдеді полиция департаменті.




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса