Добавить новость
ru24.net
World News in Kazakh
Сентябрь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Маңғыстауда көлік түйені қағып, төрт адам қаза тапты

0

Маңғыстау облысында болған жол-көлік оқиғасынан төрт адам қаза тауып, тағы төрт адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Апаттың мән-жайын өңірлік полиция департаменті айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жол апаты 16 қыркүйекте сағат 20:30 шамасында Ақтау – Бейнеу тасжолында болды. Алдын ала мәлімет бойынша, Жетібай ауылынан Шетпе ауылына қарай бағыт алған Toyota Camry автокөлігінің жүргізушісі жол үстіндегі түйені қағып кеткен.

"Соқтығысудан кейін автокөлік қарсы бағытқа шығып кетіп, қарама-қарсы бағытта келе жатқан екінші Toyota Camry көлігімен соқтығысқан", – деп хабарлады ведомство.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан төрт адам алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Тағы төрт адам зардап шегіп, түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.
Апат орнынан түсірілген бейнежазбалар жергілікті пабликтерде жарияланды.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі "Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соғу" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Екі көлік те мамандандырылған айып тұрағына қойылды. Қажетті сараптамалар тағайындалған.




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса