Добавить новость
ru24.net
World News in Kazakh
Сентябрь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

“Темекі сатып ал“: Шымкентте даулы видеодан кейін полицей тексеріледі

0

Әлеуметтік желілерде Шымкент полициясының қызметкері кәмелетке толмаған балаға қысым көрсетіп, оған темекі сатып әперуге мәжбүрлегені айтылған бейнежазба тарады. Қалалық Полиция департаменті қызметкерлердің іс-әрекетіне байланысты қызметтік тексеру тағайындалғанын хабарлады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бейнежазба туралы не белгілі?

Әлеуметтік желілерде видео жарияланды. Жарияланым авторының айтуынша, онда дүкен жанындағы полиция қызметкерлері мен кәмелетке толмаған бала бейнеленген.

Автордың айтуынша, полицейлердің бірі өзін әскери комиссариат қызметкері ретінде таныстырып, жасөспірімді тоқтатқан және одан өз ақшасына үш қорап темекі сатып алуды талап еткен.

Жарияланым авторының мәлімдеуінше, полицей кәмелетке толмаған баламен дөрекі сөйлесіп, балағат сөздер айтқан және оған қысым көрсеткен. Сондай-ақ жазбада қызметкерде бейнежетон болмағаны айтылады.

Полиция не деді?

Шымкент Полиция департаменті қызметкерлердің іс-әрекеті бойынша қызметтік тексеру тағайындалғанын хабарлады. Оның қорытындысы бойынша тиісті құқықтық баға беріледі.

Ведомство өкілдері қызметкерлердің оқиға орнына көпқабатты үй тұрғындарының шақыртуы бойынша барғанын да атап өтті.

Полиция мәліметінше, 102 арнасына футбол алаңында жүрген жасөспірімдердің тұрғындардың тыныштығын бұзып жатқаны туралы хабарлама түскен.

Ведомство келген қызметкерлердің жасөспірімдермен қоғамдық тәртіпті сақтау қажеттілігі туралы профилактикалық әңгіме жүргізгенін, сондай-ақ сағат 23:00-ден кейін кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз үйден тыс жерде болуына жол берілмейтінін түсіндіргенін атап өтті.




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса