Алматыда Төле би көшесінде көлік қозғалысы шектеледі
Алматыда бір түнге Төле би көшесінің бір бөлігінде қозғалыс шектеледі, - деп хабарлайды Tengri Auto.
17 қыркүйек сағат 22:00-ден 18 қыркүйек сағат 6:00-ге дейін Төле би көшесінің Қожамқұлов көшесінен Шәріпов көшесіне дейінгі бөлігі жабылады.
Фото @Almaty_Joly Telegram-арнасынан. Төле би көшесін жабу сызбасы
Шектеулер LRT жобасын іске асыруға байланысты енгізілген. Бұл учаскеде ескерту жол белгілері орнатылады. Жүргізушілерден бағытты алдын ала жоспарлау сұралады.
Алматыдағы жабық жолдар
30 қыркүйектен 15 қазанға дейін Қайрат шағынауданында - Тараз және Бәйге көшелерінің қиылысынан Сұлутал және Бәйге көшелерінің қиылысына дейінгі аралықта көлік қозғалысы шектеледі.
5 қыркүйектен 10 қазанға дейін Арықова көшесінің Жетісу көшесінен Жангелдин көшесіне дейінгі бөлігі толығымен жабық болады.
16 қыркүйек сағат 8:00-ден 20 қыркүйек сағат 20:00-ге дейін Момышұлы көшесінің Зерделі шағынауданынан Қонаев атындағы мешітке дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы ішінара шектеледі.
17 қыркүйек сағат 15:00-ден 21 қыркүйек сағат 3:00-ге дейін Төле би және Қазыбек би көшелерінің Абылай хан даңғылынан Назарбаев даңғылына дейінгі бөліктерінде көлік қозғалысы шектеледі.
Бұған дейін Алматыда Қала күніне арналған іс-шараларға байланысты көлік қозғалысы шектелетіні туралы жазған болатынбыз.
