Добавить новость
ru24.net
World News in Kazakh
Сентябрь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

“Қазгидромет“ Алматы мен Атырау тұрғындарына ескерту жасады

0

"Қазгидромет" ресми сайтында Алматы мен Атырау тұрғындарына ескерту жариялады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Ақпарат жұмадағы ауа сапасы болжамына қатысты.

"18 қыркүйекте қолайсыз метеорологиялық жағдай Алматыда, түнде Атырауда болжанады", - делінген хабарламада.

Ауаның ластануы түріндегі қолайсыз метеожағдай - бұл атмосфераның жерге жақын қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (желсіздік, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Синоптиктердің болжамы бойынша, Алматыда күн райы құбылмалы болады, жауын-шашын болмайды. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 12-14 градус, күндіз 27-29 градус жылы болады.
Атырауда күн райы құбылмалы, жауын-шашынсыз болады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы түнде секундына 1-6, күндіз 5-10 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 14-16 градус, күндіз 24-26 градус жылы болады.
Астанада жаңбыр, Алматыда +31 градусқа дейін ыстық: үш күнге арналған ауа райы болжамы
Бұған дейін "Қазгидромет" алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын ұсынған болатын. Күн суытып, жауын-шашын тоқтағаннан кейін ел аумағына жаңа циклон ықпал етіп, жаңбыр, найзағай және екпінді жел әкеледі деп хабарланды. Бұл ретте оңтүстік өңірлер жылы ауа массалары ықпалында қалатындықтан, онда негізінен жауын-шашынсыз әрі жылы ауа райы сақталады.
Тағы оқыңыз: Супер-Эль-Ниньо және Қазақстан климаты: 75 жылдық бақылаулар нені көрсетті?




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса