Астанада бірнеше қиылыс жабылады: карта
Астанада 19 қыркүйек сағат 21:00-ден бастап Ақмешіт пен Алматы көшелерінің қиылысында қозғалыс толығымен шектеледі. Шектеу көлік тоннелінің құрылысына байланысты енгізіліп отыр, деп хабарлайды Tengri Auto.
Бұл учаскеде Есіл ауданындағы Алматы көшесінің бойымен көлік тоннелін салу жобасы аясында құрылыс-монтаждау жұмыстары жалғасып жатыр.
Фото: Астана әкімдігі. Қозғалысты шектеу сызбасыҚиылыстағы қозғалысты шектеу 2026 жылдың соңына дейін жоспарланған.
Сондай-ақ Астанада Әнет баба мен ЕК-26 көшелерінің қиылысында қозғалыс толығымен жабылады.20 қыркүйек пен 5 қазан аралығында бұл учаскеде инженерлік желілерді тарту жұмыстары жүргізіледі.
Фото: Астана әкімдігі. Қозғалысты шектеу сызбасы
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден бағыттарын алдын ала жоспарлауды және қозғалыс ұйымдастырудағы өзгерістерді ескеруді сұрайды. Учаскеде қажетті жол белгілері мен нұсқағыштар орнатылады.
Астанадағы көлік қозғалысына қатысты өзекті шектеулер15 тамыздан жыл соңына дейін Алматы көшесінің Түркістан көшесінен Мәңгілік Ел даңғылына дейінгі бөлігіндегі көлік қозғалысы толығымен жабылды.
