Добавить новость
ru24.net
World News in Kazakh
Сентябрь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Астанадағы жолда BMW аударылып қалды: кадрлар пайда болды

0

Астана көшелерінің бірінде автокөлік аударылып қалған. Елордалық полиция департаменті оқиғаның мән-жайын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Аударылған көліктің суреттері мен видеосы әлеуметтік желіде тарады. Куәгерлердің айтуынша, жол-көлік оқиғасы 18 қыркүйекте таңертең болған.
Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жұмада Е-900 көшесінде BMW автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, бордюрге соғылған.
Осыдан кейін көлік көшедегі жарық бағанына соғылып, аударылып кеткен.
Threads-тен скриншот

"Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер жоқ. Автокөлік коммуналдық тұраққа қойылды. Жүргізушіге қатысты әкімшілік іс қозғалды", - деп толықтырды полиция өкілдері.

Қазіргі уақытта тексеріс жүргізіліп жатыр, оның нәтижесі бойынша тиісті шешім қабылданады.

Еске сала кетейік, шілдеде Астанада осыған ұқсас жағдай болған - Hyundai Elantra мен Geely Emgrand соқтығысып, екінші көлік аударылып қалған. Жүргізуші ауруханаға жеткізіліп, кейін үйіне жіберілді. Hyundai автокөлігі арнайы тұраққа қойылды.




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса