Добавить новость
ru24.net
World News in Kazakh
Сентябрь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Рыбакина Қазақстан құрамасына қатысты шешімін түсіндірді

0
Қазақстандық әлемнің бірінші ракеткасы, теннисші Елена Рыбакина Билли Джин Кинг кубогінде ұлттық құрамаға неліктен көмектесе алмайтынын айтты, деп хабарлайды Tengri Sport спортшының әлеуметтік желілеріне сілтеме жасап.
Қазақстандық теннисші соңғы ай өзі үшін оңай болмағанын, сондықтан құрамаға сырттай қолдау көрсетуге мәжбүр екенін мәлімдеді.

"Баршаға сәлем! Биылғы Билли Джин Кинг кубогіне қатыса алмайтынымды өкінішпен хабарлаймын. Шэньчжэнь сияқты тамаша жерді және ондағы керемет жанкүйерлерді сағындым. Соңғы ай ағзама ауыр тиді, сондықтан жарыс жолына қайта оралу үшін маған тынығып, бабыма келу керек. Қыздарға сәттілік тілеймін, Алға!" - деді Рыбакина.

Еске сала кетейік, Елена Рыбакина Цинциннатидегі (АҚШ) WTA1000 турнирінің ширек финалында Ига Швёнтекке қарсы ойын кезінде жарақат алған болатын. Ол кезде спортшы жүрудің өзі мұң болғанын айтқан еді.
Соған қарамастан, сол матчтен кейін 10 күн өткенде Рыбакина кортқа оралып, мансабындағы үшінші Үлкен дулыға турнирі - US Open-де жеңіске жетті.
Осы жарыстың нәтижесі бойынша қазақстандық теннисші алғаш рет әлемдік рейтингтің көш басына шықты.
Қазақстан құрамасы Билли Джин Кинг кубогінде
Еске сала кетейік, Қазақстан құрамасы Канаданы жеңіп, жолдама алған Билли Джин Кинг кубогының финалы 23 қыркүйекте басталады. 1/4 финалда Қазақстан құрамасы Испания командасына қарсы ойнайды.
Билли Джин Кинг кубогіне Рыбакинадан бөлек құрама сапында Анна Данилина, Юлия Путинцева, Жібек Құламбаева және Соня Жиенбаева өнер көрсетеді. Қосымша теннисшілердің шақыртылуы туралы әзірге хабарланған жоқ.
Айта кетейік, Елена Рыбакина турнирдің алдыңғы кезеңіндегі Канадаға қарсы матче де қатыспаған болатын.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Elena Rybakina ???? (@lenarybakina) жариялаған жазба



Айта кетейік, Елена Рыбакина Қазақстанға медициналық тексеруден өту үшін келеді және бірнеше шеберлік сабағын өткізеді.



Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса