Добавить новость
ru24.net
World News in Kazakh
Сентябрь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Синоптиктер Қазақстандағы ауасы ең ластанған қалаларды атады

0

Қазақстанда тамыз қорытындысы бойынша ауасы ең көп ластанған қалалар аталды. Мәліметтерді Қазгидромет ұсынды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Тамызда Қазгидромет еліміздегі 69 елдімекеннің ауа сапасын бағалады. Мониторинг нәтижесі бойынша:

3 елді мекенде ластанудың өте жоғары деңгейі тіркелді;
6 елді мекенде – жоғары;
26 елді мекенде – көтеріңкі;
34 елді мекенде – төмен.

Ластанудың өте жоғары деңгейі Қарағанды, Астана және Шұбарши кентінде тіркелді.
Жоғары деңгей алты қалада анықталды: Ақтөбе, Алматы, Өскемен, Арқалық, Петропавл және Хромтау.
Көтеріңкі деңгей 26 елді мекенде тіркелді: Атырау, Шымкент, Қостанай, Семей, Риддер, Теміртау, Жезқазған, Сәтбаев, Абай, Құлсары, Павлодар, Түркістан, Талғар, Жітіқара, Қандыағаш, Арал, Шу, Аягөз, Алтай қалалары; Жанбай ауылы; Индербор, Ганюшкин (Құрманғазы), Кенқияқ, Шиелі, Қарабалық, Достық кенттері.
Ластанудың төмен деңгейі – 34 елді мекенде байқалды: Көкшетау, Орал, Қызылорда, Екібастұз, Балқаш, Шемонаиха, Рудный, Ақтау, Атбасар, Ақсу, Ақсай, Жанатас, Тараз, Қаратау, Кентау, Саран, Жаркент, Степногорск, Щучинск, Талдықорған, Жаңаөзен қалалары; Әйтеке би, Төретам, Ақай, Ақсу, Әуезов, Бестөбе, Бурабай, Глубокое, Бөрлі, Бейнеу, Састөбе, Қордай кенттері; Мақат ауылы.
Ауа сапасы қалай бақыланады?
Тамызда мониторинг 69 елді мекендегі 173 бекетте жүргізілді: оның 45-і сынамаларды қолмен іріктеу арқылы жұмыс істесе, тағы 128-і – автоматты түрде. Тек Алматының өзінде 16 бекет бар: 4 қолмен басқарылатын және 12 автоматты бекет.
Сонымен қатар мамандар PM2.5 және PM10 бөлшектерінің, күкірт диоксидінің, көміртек оксидінің, азот диоксидінің, озонның, күкіртсутектің және ауыр металдардың концентрациясын қадағалайды.
2026 жылғы мониторинг
Tengrinews.kz редакциясы ақпаннан бастап Қазгидрометтен ауа сапасына қатысты ай сайынғы мәліметтерді сұратып келеді.

Ақпанда ластанудың өте жоғары деңгейі Қарағанды, Сәтбаев және Абайда тіркелді. Оның үстіне бір ай ішінде Қарағандыда ауаның жоғары ластануының 55 жағдайы есепке алынды.
Наурызда бұл тізім 4 елді мекенге дейін кеңейді: Қарағанды, Жезқазған, Сәтбаев және Абай. Бір айда Қарағандыда жоғары ластанудың тағы 19 жағдайы тіркелді.
Сәуірде ластанудың өте жоғары деңгейі 2 қалада болды – Қарағанды мен Петропавл. Сәтбаев пен Абай ластану деңгейі жоғары санатқа, ал Жезқазған – көтеріңкі санатқа ауысты.
Мамырда Қарағанды нашар санаттағы орнын тағы да сақтап қалды. Онымен бірге бұл тізімге Шұбарши кенті кірді. Сәтбаев, Абай, Жезқазған, Петропавл, Алматы, Астана және тағы бірнеше қала ластану деңгейі жоғары санатқа жатқызылды.
Шілдеде ластанудың өте жоғары деңгейі тағы Қарағанды, Сәтбаев және Шұбарши кентінде тіркелді. Жоғары деңгей 10 елді мекенде байқалды, олардың қатарында Алматы, Астана, Ақтөбе, Өскемен және Петропавл бар.

Тағы оқыңыз: Алматыда әрбір төртінші автокөлік түтін зияндылығы бойынша тексеруден өтпеген




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса