Добавить новость
ru24.net
World News in Kazakh
Сентябрь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Алматыда тоғыз қабатты үйдің тұрғындары эвакуацияланды

0
Бүгін таңертең Алматының Әуезов ауданына қарасты Ақсай-1А ықшамауданында орналасқан көппәтерлі тұрғын үйдің төртінші қабатындағы пәтерден өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Бұл туралы жексенбі, 20 қыркүйекте Қазақстан ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеді.

"ТЖД құтқарушылары автосатының, құтқару қалпақтарының көмегімен және баспалдақ арқылы 26 адамды, оның ішінде екі баланы құтқарды. Тағы 40 адам эвакуацияланды", - делінген хабарламада.

Өрттің аумағы 20 шаршы метр болған. Тілсіз жау жарты сағат ішінде ауыздықталды.
Зардап шеккендер жоқ, өрттің шығу себебі анықталып жатыр.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің жарияланымы (@112kz_)


Бұған дейін жексенбіде ТЖМ түнде Астанадағы "Лазурный квартал" тұрғын үй кешенінде өрт шыққанын хабарлаған болатын. Өрт көппәтерлі үйдің 13-қабатындағы пәтер мен лоджиядан шыққан.
Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер екі адамды құтқарып, тағы бес адамды эвакуациялады.



Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса