Добавить новость
ru24.net
World News in Kazakh
Октябрь
2026
1 2 3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Алматыда бірнеше ірі көше екі күнге жабылады

0

Алматыда төрт жол учаскесінде қозғалыс уақытша шектеледі, деп хабарлайды Tengri Auto.
Шектеу 2 және 4 қазан аралығында күшінде болады. Жүргізушілерге жүретін бағыттарын алдын ала жоспарлап, ықтимал кептелісті ескеру қажет.
2 қазан сағат 22:00-ден 3 қазан сағат 09:00-ге дейін Рысқұлов даңғылынан оңтүстікке қарай Момышұлы көшесі бойымен қозғалыс шектеледі.

3 және 4 қазан күндері сағат 08:00-ден 18:00-ге дейін Алатау даңғылының Төле би көшесімен қиылысы тұсында қозғалыс ішінара шектеледі. Бұл учаскеде реверстік қозғалыс ұйымдастырылады.

3 қазан сағат 09:00-ден 4 қазан сағат 09:00-ге дейін Төле би көшесінің Сейфуллин даңғылынан Желтоқсан көшесіне дейінгі аралықы толық жабылады.

Мақатаев көшесінен Мәметова көшесіне дейінгі учаскеде қозғалыс 3 қазан сағат 08:00-ден 4 қазан сағат 20:00-ге дейін жабық болады.

Жүргізушілерге жүретін баламалы бағыттарды алдын ала таңдау және сапарын жоспарлау кезінде уақытша шектеулерді ескеру ұсынылады.




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса