Добавить новость
ru24.net
World News in Kazakh
Октябрь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Жөндеусіз жөндеу: Қазақстанда жолдарды қабылдаудың даулы ережелері өзгертілді

0

Бас прокуратура жол жұмыстарын жүргізу, олардың сапасын бақылау және автомобиль жолдары объектілерін пайдалануға қабылдау тәртібін реттейтін нормативтік және техникалық актілерді зерделеді, деп хабарлайды Tengri Auto.

Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы қолданатын Әдістеменің жекелеген ережелері жол жұмыстарын нақты жойылмаған ауытқуларымен қабылдауға мүмкіндік бергені анықталды.

Жекелеген ақаулар анықталған кезде жол төсемінің нормативтік сипаттамаларын қалпына келтірмей-ақ, жұмыстарды қабылдауға рұқсат берілген. Кемшіліктерді нақты жоюдың орнына ақшалай қаражатты ұстап қалу, орындалған жұмыстардың құнын төмендету немесе кепілдік мерзімін ұзарту қарастырылған.

Бұл ретте мердігерге "қаржылық санкцияларды" қолдану техникалық бұзушылықтарды жоймайды және автомобиль жолының талап етілетін сипаттамаларын қалпына келтірмейді.

Сонымен қатар Әдістеме сәйкессіздіктер анықталғаннан кейін жекелеген жобалық шешімдерді қайта қарауға мүмкіндік берген. Ал бекітілген жобалық құжаттамаға өзгерістер енгізу тек заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асырылуы тиіс.

Бас көлік прокуратурасының наразылығы негізінде ҚР КМ Автомобиль жолдары комитетінің бұйрығынан ақаулары жойылмаған жұмыстарды қабылдауға жол беретін нормалар алынып тасталып, заңнамаға сәйкес келтірілді.

Жол саласындағы заңдылықтың сақталуын қадағалау жалғасуда.

Бұған дейін Қазақстанда жол жөндеуге 10 миллиард теңге артық жұмсамақ болғаны хабарланған еді.




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса