Добавить новость
ru24.net
World News in Kazakh
Октябрь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Цикл бойынша еңбекке жарамсыздық парағы: Қазақстанда бұл мүмкін бе?

0

Қазақстандық әйелдер ауырсынатын етеккір кезінде еңбекке жарамсыздық парағын алу құқығын заңнамалық деңгейде бекітуді сұрап жүргеніне бірнеше жыл болды. Жақында бұл тақырып әлеуметтік желілерде қайта көтерілді. Желі қолданушыларының бірі бұл процесті автоматтандыруды ұсынды: медициналық жүйенің өзі қажетті күндері еңбекке жарамсыздық парағын ашуы үшін етеккір циклін дәрігерге алдын ала белгілетіп қою бастамасын айтты.
Қазіргі уақытта етеккір ауырсынуына байланысты уақытша еңбекке жарамсыздық парағын алуға бола ма және ол үшін не қажет екенін Tengri Health тілшісі анықтап көрді.
Қазақстанда етеккір кезінде еңбекке жарамсыздық парағын алуға бола ма?
Қазақстанда етеккір демалысы туралы мәселе бірінші рет көтеріліп отырған жоқ. Әйелдер жұмыс істеуге, оқуға және үйреншікті істермен айналысуға кедергі келтіретін қатты ауырсынулар туралы айтады. Сонымен қатар мұндай жағдайда еңбекке жарамсыздық парағын рәсімдеуге болатынын бәрі бірдей біле бермейді.
Жақында әлеуметтік желілерде бұл талқылау қайта жанданды. Қазақстандық келіншек медициналық ақпараттық жүйелерге етеккір кезінде еңбекке жарамсыздық парағын автоматты түрде ашу функциясын енгізуді ұсынды.
Оның пікірінше, әйел дәрігерге алдын ала жүгініп, етеккірінің ауырсынатынын хабарлай алады. Маман бұл ақпаратты жүйеге енгізеді, ал жүйе кейіннен етеккір циклінің болжамды күндерін ескере отырып, уақытша еңбекке жарамсыздық парағын автоматты түрде ашып отырады.
Скриншот: Threads
Қазақстанда мұндай мүмкіндіктің қарастырылған-қарастырылмағанын білу үшін біз Денсаулық сақтау министрлігіне хабарластық.
Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі Қазақстанда арнайы етеккір демалысы жоқ екенін түсіндірді. Бірақ еңбекке жарамсыздық парақтарын беру тәртібін реттейтін бұйрық дәрігерлерге етеккір ауырсынуы кезінде уақытша еңбекке жарамсыздық парағын беруге тыйым салмайды:

"Еңбекке жарамсыздық парағы медициналық көрсеткіштер мен пациенттің жағдайына сәйкес аурулар кезінде берілуі мүмкін. Етеккір ауырсынуы дисменореяға жатады. Оны беру туралы шешімді дәрігер тексеру, әйелдің жағдайын бағалау және медициналық көрсеткіштердің болуы негізінде қабылдайды".

Анықтама: Дисменорея - бұл ауырсынатын етеккір. Әйелдердің ішінің төменгі жағында түйілу мен ауырсыну пайда болуы мүмкін, ол кейде бел мен аяққа беріледі. Кей жағдайларда ауырсыну жүрек айнуымен, бас ауруымен және әлсіздікпен қатар жүреді.
Еңбекке жарамсыздық парағын ай сайын автоматты түрде ашуға бола ма?
Етеккір циклін ескере отырып, еңбекке жарамсыздық парағын автоматты түрде рәсімдеу идеясы әзірге тек ұсыныс күйінде қалып отыр.
Денсаулық сақтау министрлігі медициналық ақпараттық жүйелерде етеккірдің болжамды күндері бойынша еңбекке жарамсыздық парағын автоматты түрде ашу қарастырылмағанын мәлімдеді.
Әйел адам дәрігерге циклі туралы алдын ала хабарлаған күннің өзінде, жүйе оған уақытша еңбекке жарамсыздық парағын өз бетінше рәсімдей алмайды.

"Тек дәрігердің көрсеткіші бойынша", - деп атап өтті ведомство.

Қанша әйел етеккір ауырсынуына байланысты еңбекке жарамсыздық парағын алды?
Біз Денсаулық сақтау министрлігінен әйелдердің ауырсынатын етеккірге байланысты рәсімдеген еңбекке жарамсыздық парақтары бойынша статистиканы сұраттық.
Министрліктің мәліметінше, "Амбулаториялық-емханалық көмек" ақпараттық жүйесінде 2025 жылы "дисменорея" диагнозы бойынша 21, ал 2026 жылы 17 парақ тіркелген.
Басқа елдерде етеккір демалысы қалай ұйымдастырылған?
Кейбір мемлекеттерде етеккір демалысын алу құқығы заңнамалық деңгейде баяғыдан бері бар. Бірақ оның шарттары айтарлықтай ерекшеленеді.
Жапония
Мысалы, Жапонияда етеккір демалысын алу құқығы 1947 жылдан бері бар. Бұл ел оны заңнамалық деңгейде бекіткен алғашқылардың бірі болды. Заңға сәйкес, егер қызметкер өзін өте нашар сезінсе және демалыс сұраса, жұмыс беруші оны етеккір кезінде жұмыс істеуге мәжбүрлей алмайды.
Испания
Испания - ауырсынатын етеккір кезінде еңбекке жарамсыздық парағын алу құқығын заңмен бекіткен Еуропалық Одақтағы алғашқы ел. 2023 жылы елде әйелдерге қатты етеккір ауырсынуына байланысты еңбекке жарамсыздық парағын рәсімдеуге мүмкіндік беретін заң қабылданған.
Португалия
2025 жылы Португалия да қатты етеккір ауырсынуы кезінде арнайы демалыс алу құқығын бекітті. Заң қатты ауырсынудан жұмыс істей алмайтын сырқаты бар әйелдер үшін айына қатарынан үш ақылы күнге дейін демалыс қарастырады.
Оңтүстік Корея
Оңтүстік Кореяда еңбек заңнамасы әйелдерге айына бір күн етеккір демалысын алуға рұқсат береді, бірақ ол төленбейді.
Вьетнам
Вьетнамда тәсіл басқаша. Әйелдерге етеккір кезінде кемінде үш жұмыс күні ішінде күніне 30 минуттық ақылы үзіліс беріледі.


Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса