Добавить новость
ru24.net
World News in Kazakh
Ноябрь
2026
1 2 3 4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Министр қазақстандық көліктердің бағасы өспейтінін айтты

0

Қазақстанда құрастырылған көліктердің бағасы өспейді. Бұл туралы өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Үкіметте өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Tengri Auto.

"Баға төмендеп жатқанын байқап отырмын. Қазақстанда шығарылған көліктердің бағасы өспейді", - деді министр.

Оның айтуынша, былтыр Қазақстанда 171 мың көлік шығарылса, биыл 191 мың данасын өндіру жоспарланып отыр.Қостанай облысы мен Алматыдағы жаңа зауыттар әлі толық қосылған жоқ. Біріншісінде жылына 70 мың көлік, екіншісінде 120 мың өнім шығару көзделген.
Сонымен қатар, Нағаспаев көлік сапасы өндірушілерге байланысты екенін айтты.

"Астана Моторс", Allur сияқты тәжірибелі компаниялар сапасыз көлік шығаруға жол бермейді деп ойлаймын", - деп толықтырды ол.

Қазір Қазақстанда Қытай көліктері құрастырылып жатыр. Алматыда Changan, Chery және Haval брендтерін шығаратын мультибренд зауыт жұмыс істеп тұр.Қостанайда Li Auto өндірісін бастауға дайындық жүргізіліп жатыр.


Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса