Қазақстан шет елдік студенттерге сапалы білім беретін елге айнала алады - З. Зайцева
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Шығыс Еуропа мен Орталық Азиядағы QS-тың (Ұлыбритания) аймақтық директоры Зоя Зайцева ҚазҰУ басшылығымен кездесті. Кездесу барысында жоғары оқу орнының рейтинг көрсеткіштерін жақсарту үшін университет қызметінің негізгі мәселелері талқыланды. Зоя Зайцева ҚазҰУ-дың соңғы 3 жыл ішінде атқарған жұмыстарын жоғары бағалады.
