Ауыл шаруашылығы жануарлары тұқымының 17 пайызы құрып барады - БҰҰ
АСТАНА. ҚазАқпарат - БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылық ұйымы (ФАО) жануарлар әлемінің биотүрлілігін сақтау керектігін еске салды, әсіресе жаһандық жылыну және жер шарындағы халық санының өсуі кезінде бұл өте қажет екендігі атап өтілді. Қазіргі уақытта әлемде ауылшаруашылығы жануарларының барлық түрлерінің шамамен 17 пайызы жойылып кету алдында тұр.
