«Нұр Отан» ҚР Орталық сайлау комиссиясына партиялық тізім ұсынды
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылғы 30 қаңтарда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына 127 адам енгізілген «Нұр Отан» партиясының партиялық тізімі тіркеу үшін ұсынылды. Бұл туралы ҚР ОСК баспасөз қызметінен хабарлады.
