Шоң бидің шөберелері: Кәукен Кенжетаев пен Шәкен Айманов туралы тың құжаттар қашан «сөйлейді»?
АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл қазақ өнерінің қарашаңырағын көтерген алыптар тобынан тәлім алған Кәукен Кенжетаев ортамызда болса, 100-ге толар еді. Осы ғасыр тойына байланысты Алматы қаласының орталық мемлекеттік мұрағат ұжымы қор иесінің құжаттарынан «Егер сурет сөйлесе...» атты көрме ұйымдастырып, еске алу кешін өткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлады «Алматы ақшамы» газеті.
