Мәскеудегі сайлау учаскесінде 900-ден астам қазақстандық дауыс берді (ФОТО)
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - Мәскеудегі сайлау учаскесінде азаматтық белсенділіктің жоғары деңгейі байқалуда. №215 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы, РФ-дағы ҚР Елшілігінің Кеңесші-Елшісі Виктор Темірбаев хабарлағандай, қазір Мәскеуде 900-ден астам қазақстандық дауыс берді.
