Сайлау қазақстандық бірлікті нығайтқан тарихи актіге айналды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жексенбіде өткен ҚР Парламенті Мәжілісініің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлау нәтижесі осы аптада шығарылды. Сонымен еліміздің Орталық сайлау комиссиясы жария еткен ресми дерекке орай дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 7 және одан көп пайыз дауысын жинаған үш партия Мәжіліске өтті. Олар: «Нұр Отан», «Ақ жол» және Қазақстан халық коммунистік партиясы. Заңға сәйкес, «Нұр Отан» партиясына 84 мандат, «Ақ Жол» партиясына 7 мандат, ал Қазақстан коммунистік халық партиясына - 7 мандат берілді.
