Иран мен Қазақстан арасында 7 экспорттық келісімшартқа қол қойылды (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Тегеранда екі елдің сауда-экономикалық және ынтымақтастығын дамыту жөніндегі жол картасы аясында 7 экспорттық келісімшартқа қол қойылды. Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз хатшысы Қайсар Жұмабайұлы Фейсбуктегі парақшасында жариялады.
