Астанада ақылы тұрақ құны сағатына 150 теңге мөлшерінде белгіленді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласы Қоғамдық кеңесінің отырысында коммуналдық ақылы көлік тұрақтары орналасатын орындарды анықтау мәселесі қаралды. Тиісті талдау жүргізілгеннен кейін ақы төлеп, көлік қоюға болатын 259 учаске анықталды. Олардың шекарасы екі жолмен- жол белгілерімен және белгілеу арқылы айқындалды, деп хабарлады Астана әкімінің баспвасөз қызметі.
