«Алматы -Маңғышлақ» пойызы Ақтөбе, Маңғыстау облыстарының 20-дан астам стансасын қамтыды
АСТАНА. ҚазАқпарат - 5 шілдеде шалғайдағы Шалқар мен Тассай стансасының тұрғындары Алматыдан шілденің 3-інде шыққан №377/378 «Алматы-Маңғышлақ» жолаушылар пойызын салтанатты жағдайда күтіп алды. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
