Н.Назарбаевтың шетелдік серіктестермен достық қарым-қатынасы Қазақстанның мүдделерін ілгері жылжытуда елеулі рөл атқаруда - Н.Онжанов
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың шетелдік серіктестермен достық қарым-қатынасы Қазақстанның мүдделерін ілгері жылжытуда елеулі рөл атқаруда. Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық мәселелер бойынша көмекшісі Нұрлан Онжанов «Егемен Қазақстан» газетінде жарық көрген «Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық келіссөздерінің көзге көрінбейтін қырлары» деген тақырыптағы мақаласында осылай деп жазады.
