ЕҚЫҰ Қазақстанды БҰҰ ҚК мүшелігіне сайлануымен құттықтады
АСТАНА. ҚазАқпарат - ЕҚЫҰ Тұрақты кеңесінің отырысында Венадағы халықаралық ұйымдардың ҚР тұрақты өкілі, елші Қайрат Сарыбай Қазақстан Республикасының 2017-2018 жылдарға БҰҰ Қауіпсіздік кеңестің тұрақты емес мүшелерінің құрамына сайлануы туралы мәлімдеме бойынша сөйледі. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады.
