Ресей құрамасы Олимпиадаға қатысатын болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық олимпиада комитеті Ресей құрамасын Олимпиада ойындарына қатыстыратын болды. Сондай-ақ ХОК Ресей атлеттерінің 2016 жылғы Олимпиадаға қатысуы туралы шешімді спорт түрлері бойынша халықаралық федерация қабылдайтынын атап өтті, деп жазады ТАСС.
