Алматыда жаңадан бой көтеретін заманауи бизнес-орталық пен сауда ойын-сауық кешенінде 2000-нан астам жұмыс орны ашылады
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Самал-2 шағын ауданындағы «Рамстор» сауда ойын-сауық орталығының орнында заманауи бизнес-орталық пен сауда ойын-сауық кешені бой көтереді. Олар бір ғимаратта орналасады. Бірақ, келушілер үшін кіреберістері бөлек болады. Бұл туралы бүгін Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.
