Риодағы Қазақстан баспасөз орталығының көріністері (ФОТО)
РИО-ДЕ-ЖАНЕЙРО. ҚазАқпарат - Риодағы Қазақстан баспасөз орталығы ертеңнен бастап, қызу жұмысқа кіріседі. Жеңімпаз спортшыларымыз бен жүлдегерлеріміз осы орталық арқылы халқынан сүйінші сұрайды. Отандық тілшілер де осы жерден күндіз-түні хабар тарататын болады. Біз бүгін осы орталықпен таныстыруды жөн көрдік.
