БҚО: Қаратөбе ауданында кәсіпкерлер 1082,4 млн. теңгенің өнімін өндірді
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Қаратөбе ауданында 633 шағын кәсіпкерлік нысаны болса, оларда мыңнан астам адам еңбек етеді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметі өңірлік филиалында өткен баспасөз мәслихатында аудан әкімі Асхат Шахаров мәлім етті.
