Елордалық ата-аналар балаларының оқу үлгерімін смартфон арқылы бақылай алады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жаңа оқу жылынан бастап ата-аналар балаларының оқу үлгерімін смартфондар немесе планшеттер арқылы электрондық түрде бақылай алады. Бұл Astana Learning Management System жобасын іске қосудың арқасында мүмкін болып отыр. Бұл туралы Астана қалалық білім басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады.
