22 ақпанда ел аумағында бұрқасын, көктайғақ күтілуде
АСТАНА. ҚазАқпарат - 22 ақпанда Қазақстанның кей жерлерінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты аздап қар жаууы ықтимал, тек оңтүстік өңірлерде жауын-шашынсыз. Кей жерлерде тұман, көктайғақ болып, бұрқасын, желдің күшеюі күтіледі.
