Министр Сағадиев кейбір мамандықтардың жабылуы туралы қаңқу сөздерге сенбеуге шақырды
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев әлеуметтік желілерде тарап кеткен ЖОО-лардағы бірқатар мамандықтардың жабылғаны туралы ақпаратқа байланысты видеоүндеу жариялады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР БҒМ-ның Фейсбуктегі ресми парақшасына сілтеме жасап.
