Жамбыл облысында сарбаздың өліміне қатысты тергеу аяқталды: рота командирі сотталмақ
Бас прокуратураның хабарлауынша, Еркебұлан Рүстемұлының өліміне қатысты тергеу аяқталды. Ол биыл 27 қаңтарда Жамбыл облысындағы гарнизонда қаза болған. Тергеу болжамынша, рота командирі салғырттық танытқан: “жеке құрамның қызметін және сарбаздардың қаруды қолдануын бақыламаған”, “сарбаздың қызметтестеріне қатысты билік өкілетін асыра пайдаланған”. Қылмыстық іс сотқа жолданды. Бас прокуратура іс бас әскери прокуратураның ерекше бақылауында екенін айтты. Бұған дейін солдат қарудан өзіне оқ атып алғаны хабарланған еді. Читать дальше...
