Қазақстанның Украинадан Польшаға өткен азаматтарын әкелетін алғашқы рейс Атыраудан ұшты
Украинадан Польшаға эвакуацияланған азаматтарды Қазақстанға жеткізу үшін "Эйр Астана" әуе компаниясының алғашқы КС 2203 рейсі Атырау қаласынан Польшаның Катовице қаласына ұшып кетті. Бұл ақпаратты Қазақстанның азаматтық авиация комитеті жариялады. Ұшақ Атыраудан 28 ақпанда Нұр-Сұлтан уақытымен 9:53-те ұшқан. "Бүгін Катовице уақытымен 179 орындық А321 ұшағы 10:30-да Атырау қаласына қайта ұшуға тиіс" дейді хабарламада. Екінші рейс 1 наурызда жасалуы мүмкін. 25 ақпанда Қазақстанның Украинадағы... Читать дальше...