Добавить новость
ru24.net
Все новости
Май
2021

Аягөздіктер өз күштерімен жолды "жамап" жатыр

Майлин ауылынан аудан орталығына апаратын жолға ағамдағы жөндеу 2017 жылы жүргізілген. 
- Ауылдан аудан орталығына дейін - 24 шақырым. Оның 12 шақырымы - "Өскемен-Алматы" бағытындағы республикалық жол, қалған 12 шақырымы - ауылға дейінгі жол. Ауыл мектебінің түлектерінің бас-тамасымен ауыл әкімдігі ұйымдасып, жолды уақытша жөндей тұрайық деп шештік. Жолдың шұрық тесіктерін бетонмен жамадық. Қазір 3-4 шақырымдай жол жөнделді, - дейді ауыл әкімі Ержан Нұрғалиев.
Ауыл әкімінің айтуынша, жолдағы ой-шұңқырлар көбейіп кеткен. Бюджеттен қаражат бөлінгенін күтпей уақытша жол жөндеу жұмысына өздері кірісіп кеткен. 
- Өзіміз жүретін жол ғой. Жылда шұңқырларға топырақ төгетінбіз, оны жел ұшырып кететін. Биыл бетон құйып жатырмыз. Көреміз енді, қаншаға шыдаса да, - дейді Ержан Нұрғалиев.
Аягөз ауданы әкімінің орынбасары Медет Мырзакешовтің айтуынша, Майлин ауылынан аудан орталығына апаратын жолды жөндеу жоспарда бар. Бірақ нақты қашан екені де белгісіз, бюджеттен қаражатта бөлінбеген. 
- Әр жылы бітіргендер туған ауылына қайырымдылық істеп жатыр ғой қазір. Біздің де мектеп түлектер бірігіп, ауылдағы жағдайы төмен отбасылардың балаларына велосипед пен басқа да қажетті құрал-жабдықтар алып беруге ақша жинаған. Адамдар әлінше 5, 10, 20 мыңнан берді. Міне, содан артылғанын, халық ақылдаса келе, жол жөндеуге жұмсады, - дейді ауыл тұрғыны Бақытбек Тұрысбеков.



Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus




Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса
Анастасия Потапова

Потапова обыграла Саснович и вышла в финал теннисного турнира в Румынии






В Петербурге предложили бороться с наркоманами телохранителями по подписке

На трассе М-12 протестировали автопилот первого отечественного электромобиля

Московская компания проиграла спор о камуфляже саратовскому производителю

Собянин: московские школьники победили в первенстве России по шахматам