Шымкентте тойын балалар үйінде өткізген жас жұбайлар алған әсерлерімен бөлісті
Мейірман мен Сәнияның өздері осы мекеменің түлектері болмаса да, тастанды балаларға дастархан жаюды жөн санапты.
Той қызығы түгілі туысқа зар болып жүрген бүлдіршіндер қалыңдықтың жанынан үйіріліп шықпайды. Жас жұбайлармен әбден билеп, суретке түсті.
Той алдындағы қыдыру жоралғысын жетімдер үйінде өткізуді шаңырақ көтеруші Мейірман бұрыннан ойлап жүрген екен. Кортежге ақша шығарғанша, асаба жалдап, балалар үйінде дастархан жайғысы келетінін естігенде, оған кей жолдастары күле қарапты. Тіпті, келіншегі Сәния да алғашында лимузинмен қыдыруда қаласа, жас күйеуінің ақылынан соң райынан қайтып келісім берген.
Сөйтіп, жас жұбайлар екі сағаттай балалар үйіндегі отырыстан соң, туыстарымен мейрамханада тойлатқан.
“Жетім балалар қандай тойға барып жүр деген ең үлкен ой сол болды. Әрқайсының күлгені жаңағы келіншекпен мен де билеймін деп, мен билей алмай қалдым ғой деп бір шетте жылағанына дейін көрдік. Қуанышты барлығы. Өзіміздің де көзімізге жас келді шыны керек”, – дейді күйеу жігіт Мейірман Сауранбек.
Дереккөз: nur.kz