Добавить новость
ru24.net
Все новости
Июль
2024
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Ішкі көрініс. Сейсмология институты

0

Ішкі көрініс. Сейсмология институты

Мамырда Алматы әкімдігі ТЖМ Сейсмологиялық бақылау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының ғимаратын жөндеуге уәде берді.

Институт ғимараты 80-жылдардың соңында салынып, сол кезден бері күрделі жөндеу көрмеген еді. Электр және су құбыры түгелдей ескірген, кейбір қабырғалары сыз тартып тұр.

Власть журналистері ғылыми орталық ғимаратының ішін аралап көрді және біз оның жөндеуге дейінгі кейпін көрсетіп, сейсмологиялық бақылау қалай жүретінін айтып береміз.

Жертөле

Сейсмологиялық бақылау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы Әл-Фараби даңғылында орналасқан. Ғимарат 1989 жылы пайдалануға берілген.

Институт қызметкерлері сейсмикалық қауіпті зерттеп, күшті зілзаланы болжауы керек.

Бізді директордың жалпы мәселелер бойынша орынбасары Жандос Маратұлы мен директордың өндіріс бойынша орынбасары Бейімбет Әшіров қарсы алды. Ескі лифтімен жертөлеге түстік – бұл жердегі кабинеттердің көбі инженерлік коммуникацияларды басқаруға арналған.

Жандос Маратұлы

Жертөледе Жандос Маратұлы электр, су құбыры мен желдету желілері қаншалықты ескіргенін көрсетті, олар ғимарат пайда болғаннан бері ауыстырылмаған. Бүлінген су құбырлары бірнеше жерден муфтамен жалғанған, кей жерден су тамшылап, қабырғаға сарғайған із қалдырған.

«Көріп тұрғаныңыздай, бүкіл коммуникация тозған, ескірген, кейде желілер сөніп те қалады. Бұл құбырларға 35 жыл болды. Күрделі жөндеу болған жоқ. Бюджеттен ақша бөлінбей, өзіміздің ішкі резерв есебінен кішігірім жөндеу жүргіздік, кабинет сырлау сияқты жұмыстар ғой», – дейді Маратұлы.

Оның айтуынша, бәрі ескіргені сонша, жөндеуге кейде қосалқы бөлшек те табу қиын.

Жертөледе екі кабинеттен шағын музей жасапты, ол жерге сейсмикалық зерттеулерге арналған істен шыққан ескі жабдықтар қойылған.

Ғимарат сейсмология институты үшін арнайы салынғандықтан, бұл жерде сейсмикалық жабдық үшін арнайы постаменттер қарастырылған. Ол ғимараттан бөлек жер астына тереңге қойылған. Тереңдігі 20 метрге дейін жетуі мүмкін.

«Жердің қозғалуы постамент арқылы тікелей аппаратқа беріледі. Ол қоршаған ортаның әрекеттерін сезбейді, яғни жанынан көлік немесе адам жүріп өтсе, постамент аппараттың дірілдеуіне жол бермейді», – деп түсіндірді бізге Бейімбет Әшіров.

Құрылғылар постаменттің үстіне қойылған 

Аппаратура цифрланғанға дейін зерттеу осы постамент көмегімен жасалды. Қазір оған 60 және 70-жылдардың аппараттары қойылған, бұл дала жұмыстарына арналған сейсмоқабылдағыш, 1966 жылғы сейсмометр, «Семей» станциясының хронометрі, сейсмограмманы көшіруге арналған құрылғы, ескі телефон аппараттары, компьютерлер, т.б. Әр құрылғының үстінде қағазға оның атауы мен жылы жазылған.

Әшіровтың айтуынша, негізінен техниканың жаңа буыны 7–10 жыл ішінде жаңарып тұруы керек. Алайда оларды қолданыстан бірден шығарып тастамай, істейтін аппараттар қосымша бақылағыш ретінде қалады.

Бейімбет Әшіров

Бұл жердегі аппараттың бәрі істен шыққан жоқ, мысалы, постаментте жапондық «Титан» сейсмо телеметрия аппараты істеп тұр, ол қатты теңселуді тіркеуге арналған.

«Әр кезең сайын аппарат көлемі кішірейіп келеді», – дейді Әшіров, 2000 жылдардың тағы бір телеметрия аппаратын нұсқап.

«Титан» сейсмо телеметрия аппараты

Сонымен қатар музей бөлмесінде бұрышта Ғылыми орталықтың бұрынғы атауы бар ескі маңдайша тұр. 2022 жылы Сейсмология институты мен Сейсмологиялық әдіс-тәжірибе экспедициясын біріктіру арқылы Сейсмологиялық бақылау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы болып қайта құрылды. Бір жыл бұрын институт ТЖМ қарамағына өтті, оған дейін Ғылым академиясының бақылауында болған еді.

Орталық сейсмикалық обсерватория

Ғимарат бес қабаттан тұрады. Оның құрылысы 1983–1988 жылдар аралығында жүрді. Бұны бірінші қабат еденіндегі жазу да айғақтайды.

Бірінші қабатта Қазақстанның барлық 94 станциясынан сейсмикалық мәлімет түсетін орталық сейсмикалық обсерватория орналасқан.

Обсерватория жетекшісі Жансая Досымбекова сейсмикалық толқын амплитудасы көрініп тұрған үлкен экранды көрсетті, бұл жерден тәулігіне 24 сағат бойы зілзаланы бақылайды.

Бұрын олар өткен күннің мәліметтерін өңдейтін, 1 маусымнан бастап тест режимінде қазіргі уақытта болған жер сілкіну мәліметтерін өңдейді.

«Міне, барлық станциядан келетін сигналдар. Жер сілкінсе, жиілік өседі. Осы жазбалар арқылы автоматты түрде анықталып, ақпарат компьютерге жіберіледі, ол қай жерде жер сілкінгенін анықтайды. Мысалы, таңертең Пәкістанда жер сілкінді», – дейді Досымбекова.

Компьютер зілзаланың координаты мен энергетикалық класын автоматты түрде анықтайтындықтан, қате де болып тұрады. Сол кезде операторлар қосылып, мәліметтерді жүктеп алады, оларды өңдейді, зілзаланың дәл эпицентрін, энергетикалық класын, жылжу мен қозғалуды анықтайтын зілзала магнитудасы мен механизмін қарайды.

Осыдан кейін мәліметтер seismology.kz сайтында жарияланады және облыстық ТЖ департаменттеріне ерте хабарлау жүйесі арқылы телефонмен беріледі. Осы бөлмеде бірнеше компьютерден бөлек Қазақстанның облыстарының және қалаларының ТЖ департаменттерімен тікелей байланысуға арналған стационар телефондар тұр.

Досымбекова зілзаланы қысқа мерзімде болжау бүкіл әлемде әлі шешілмеген мәселе дейді, мысалы, жерасты дүмпуі болатынын бір сағат бұрын болжау мүмкін емес.

«Болжаудың үш түрі бар: қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді. Ең қысқасы – апта немесе бірнеше күн. Қысқа мерзімде болжау үшін екі жүзден астам параметр қолданылады. Оның біреуі жер сілкінеді деп көрсетсе, біреуі болмайды деп көрсетеді. Сондықтан болжау өте қиын», – деп түсіндірді ол.

Алайда эпицентр неғұрлым алыста болса, дүмпудің бізге дейін жету ықтималдығы соғұрлым аз. Егер Ауғанстанда қатты зілзала болса, ол Шымкент пен Жамбылда сезіледі. Бәрі зілзаланың күші мен тереңдігіне байланысты.

«Алматыда наурызда болған соңғы күшті зілзала тігінен байқалды, өйткені эпицентрі бізге жақын болды. Оған дейін жер сілкінгенде көлденеңінен сезілді, өйткені эпицентрі Қытайда болды, бізден алыс», – деп толықтырды Бейімбет Әшіров.

Операторлар мен геофизиктер отырған бөлме екіге бөлінген. Әйнек терезе арқылы басқа бөлмедегі үлкен экран көрінеді, онда 10 телеметрия станциясының мәліметтері көрінеді. Интернет болмаған кезде радиобайланыс арқылы болады.

2022 жылғы Қаңтар оқиғасы кезінде ел көлемінде байланыс үзілген кезде де Ғылыми орталық радиобайланыстың арқасында жұмысын тоқтатқан жоқ.

Радиобайланыс арқылы келетін мәліметтер 

Сонымен қатар ғылыми орталыққа жерсерік байланысы арқылы да ақпарат беріледі.

Компьютер Қазақстаннан алыс жердегі – Жапониядағы, Антарктидадағы зілзаланы көрсетеді. Егер біздің станциялар оларда жер сілкінгенін тіркесе, Ғылыми орталық қызметкерлері оларды да өңдейді.

Қабырғада барлық сейсмостанция көрсетілген Қазақстан картасы ілініп тұр. Сейсмоқауіпті өңірлерге Алматы облысы, Алматы, Жетісу облысы, Жамбыл облысы, Шығыс Қазақстан облысы және Түркістан жатады. Сондықтан станциялардың көбі оңтүстікте орналасқан.

Табиғи зілзаладан бөлек техногендік зілзала да болады, әсіресе бұл Қазақстанның батысына қатысты.

«Мысалы, мұнай, көмір өндіреді, жер астындағы қор таусылғанда опырылу зілзаласы болады», – деп түсіндірді Әшіров.

Жансая Досымбекова бос кеңістікті толтыру үшін жоғары қысыммен су бүркіледі, сол кезде жасанды зілзала болуы мүмкін екенін айтты.

«Осы кезде қауіпсіздік ережесін сақтау керек, әйтпесе жойқын зілзала болуы мүмкін», – деп санайды ол.

Қазір бұрынғыға қарағанда зілзала туралы көбірек хабарлай бастағанын Әшіров сезімтал және дұрыс істейтін құрылғылар санының көбейгенімен байланыстырады. Станциялар саны да артып келе жатыр. Әйтсе де, Қазақстанда сейсмостанциялардың жетіспеуі қатты байқалатынын айтты.

«Сейсмикалық қауіпті анықтау үшін бізге кем дегенде әр өңірден 5-6 станция керек. Қытайда Үрімшінің өзінде 1600 станция бар. Олардың болжамы озық. Егер бізде жабдық пен адам көбірек болса, жұмысымыз да жақсырақ болады», – деп санайды ол.

Телеметрия станциясы

Архив

Әрі қарай біз 1932 жылдан бергі деректер сақталған архивке өттік. Архивтің бір бөлігі Медеу станциясында тұр.

Архивке кірер жерде едендегі линолеум ісініпті, оның асты да сыз тартып тұрса керек. Қабырғада қаңтарда болған жер сілкінісінен кейін жарық пайда болған.

«Қолымыздан келгенше ақтадық, сырладық. Қанша сырласақ та, жарық астындағы сылақ түсіп қала береді», – деп Әшіров ғимарат қабырғасына назарымызды аудартты.

Архивте екі бөлме бар: біреуінде қағаз деректер, екіншісінше цифрланған деректер сақтаулы тұр. Құжаттары, бюллетеньдері, сейсмограммалары бар қағаз бумалар сөрелерге ретімен қойылған.

Ал 80-жылдары мәліметтер фотопленка түрінде де сақталды. Сондай фотопленкалардың бірінен 1980–1983 жылдардағы ірі зілзала туралы ақпаратты көруге болады.

Цифрландыруға дейін деректер осылай сақталды. Қазір олар компьютерде өңделіп, дискіге көшіріледі. Сонымен қатар әр дискінің көшірмесі жасалады, бұл деректер жоғалған жағдайда керек. Сондай-ақ бұлтқа да сақталады.

Қазір институттың алдында барлық қағаз архивті цифрлау міндеті тұр: «Бұның бәрі шіріп кетуі мүмкін, өрт болса деректер жоғалады. Сондықтан біз сейсмограммаларды кең форматты сканер арқылы біртіндеп цифрлап жатырмыз», – деді Әшіров.

Ол жөндеу басталса, бүкіл архивті бір жерден екінші жерге қауіпсіз көшіруді уайымдайды. «Өзіміз жөндеу жүріп жатқан кезде кез келген жерде жұмыс істей береміз. Архивке уайымдаймыз, оған жағдай керек», – деді ол.

Зертхана

Ғылыми орталық ақпаратты сейсмология станцияларынан түрлі параметр бойынша алады. Екінші қабатта су құрамын зерттейтін гидрогеологиялық зерттеу зертханасы орналасқан.

«Зілзала алдында кейбір судың газ және химиялық құрамы өзгере бастайды. Газ нормативі үш бірлік, ол зілзала алдында түсіп кетеді. Карбонаттар ұлғая бастайды, сондықтан біз суды гидрогеологиялық станциялардан алып, хроматометр көмегімен газ құрамы мен өзгерісін тексереміз. Осындай нәрселерге қарап қандай да бір долбар жасауға болады», – дейді Әшіров.

Бірақ кейде судағы өзгеріс маусымдық болуы мүмкін. Зерттеуге су сынамасын күніне екі рет алады.

Гидрологиялық зерттеуден бөлек жердің магнит, электр өрісін анықтайтын геофизикалық приборлар пайдаланылады. Тағы бір қызық бағыт — зілзала кезінде жануарлардың қылығын бақылайтын сейсмобиологиялық зерттеу. Бұндай зерттеу бөлек станцияда жүргізіледі, Ғылыми орталықтың ғимаратында тек сол жақтан келген мәліметтер зерттеледі.

«Сағат сайын 7-8 жануар түрін бақылап тұрамыз. Жыландар ғана автоматты түрде қадағаланады. Барлық мәлімет осында жіберіледі, өңделіп, болжау комиссиясына шығарылады», – деді бізге сейсмобиологиялық станция жетекшісі.

Мұндай станцияларда қояндар, тауықтар, жыландар, кесірткелер бақылауға алынған, сондай-ақ тотықұстар, балықтар мен басқа да жануарлар бар.

Төртінші және бесінші қабаттарда ғалымдар отырады. Сонымен қатар бірнеше кабинетті Инфекцияға қарсы препараттар ғылыми орталығы жалға алып отыр.

Ғалымдар кабинеті 

Ал шатырда техникалық қабат бар, онда коммуникация желісі жүргізілген. 

Бірнеше кабинет пайдалануға жарамсыз – онда сыздың иісі шығады, ылғалдың кесірінен тұсқағаз жұлынып қалған, төбесі бүлінген. Жекелеген кабинеттер ғана емес, дәліздің қабырғасын да зең басқан.

«Шатыры тозып бітті. Бір жерін жамасақ, басқа жерінен тесік пайда болады. Үлгермейміз. Енді әкімдік көмектесуге әзірміз деді, бюджет өтінімін қашан мақұлдайтынын күтеміз, сосын жоба-смета құжаттамасынан кейін жөндеу басталады деп күтіп отырмыз. Шынын айтқанда, бұл ғимаратты түгел реконструкциялауға миллиардтар керек. Өйткені 30 жылдан астам уақыт өтті. Шатырынан бастап жертөлесіне дейін жөндеу қажет», – деді директор орынбасары.

Ғимараттың өзі зілзалаға төтеп беретіндей етіп салынған, бірақ жанынан жерасты жарығы өтеді. Бұрын ғимарат қала сыртында болатын, қазір Алматы кеңейіп, ол енді Алматының басты даңғылдарының бірінде тұр.

Жөндеуден бөлек әкімдік ғылыми зерттеулерге 2 млрд теңгедей бөлуге уәде берді, бұл еңбекақы қорын арттыруға, шетелдік әріптестермен тәжірибе алмасуға, жаңа кадрлар тартуға мүмкіндік береді.

Жалпы ғылыми орталықтың штатында 427 адам жұмыс істейді, олардың көбі станцияларда еңбек етіп жатыр.

Жаңа кадрлар да керек, оның айтуынша, елімізде сейсмологтарды оқытатын оқу орны жоқ.

«Қазіргі кезде Сәтбаев атындағы университетпен келісімшарт жасалды және бес докторант пен оншақты магистрант дайындалып жатыр. Бұрын мамандар Сәтбаев университетінде оқитын, алайда жалақының төмендігінен мамандар ақысы жоғары мұнай саласына кетті», – деді ол.




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus



Бренд экологичной одежды первым в мире сообщил о нападении анти-эко-активисток

Владислав Овчинский: жители дома на Радужной улице начали переезд в новостройку по программе реновации

Москва слезам не верит: в ТПП РФ подержали инициативу по защите прав предпринимателей

Отрытый конкурс красоты и таланта «Одна на миллион»


Буравят кожу. Профессор рассказала, как не подцепить паразитов при купании

Кутюрная коллекция Balenciaga осень-зима 2024

22 июля Всемирный день мозга. Отвечаем на популярные вопросы о когнитивных расстройствах

Заинтересовавший Владимира Путина хит семьи Рыбачевых презентовали на радиостанциях «Газпром-Медиа»


Exclusive - Sayantani Ghosh expresses happiness as sets of her show Dahej Daasi shifted close to her home; says 'I've been manifesting this for quite some time now'

England U20 overpower France to be crowned world champions

Suspect arrested for ‘threatening to kill Trump and his VP pick JD Vance’ in Florida days after assassination attempt

Faculty of International Journalism and Mass Communications Eurasian International University is conducting an additional intake of applicants!


Сила «Грузовичкоф» – в корпоративной культуре 

В одном селе за день двое жителей погибли на пожарах

Певец Дмитрий Камский готовит к релизу новый сингл "Песня Земли"

Роспотребнадзор сообщил о единичных случаях листериоза в России


Today's Wordle answer for Saturday, July 20

Интервью AppTime с компанией Innova: релиз Gran Saga в России, внутриигровая оплата и «Масленица» в корейской MMO

Conscript is an old school survival horror game where the horror is just that you're in World War 1

D&D's new 2024 Player's Handbook will have 10 species to choose from including goliaths, and drow will be closer to their Baldur's Gate 3 version


Фотомагазин PYN: ваш надійний партнер у світлі та фотографії


Отрытый конкурс красоты и таланта «Одна на миллион»

Адвокат Горшков: арест блогера Била не остановит его от новых пранков

В регионах Центральной России продолжаются мероприятия в рамках ведомственной акции «Каникулы с Росгвардией»

Филиал № 4 ОСФР по Москве и Московской области информирует: С начала 2024 года 140 тысяч женщин и новорожденных Московского региона получили услуги по родовым сертификатам




Собянин рассказал о результатах программы КРТ за четыре года

Владислав Овчинский: жители дома на Радужной улице начали переезд в новостройку по программе реновации

При взрыве газа в г. Апшеронск обрушилось здание аптеки

Росгвардеец из Подмосковья рассказал, как ему удается совмещать службу с хобби - поиском пропавших солдат Великой Отечественной войны


«Он меня схватил и укусил»: куда жаловаться на травмы во время квеста

30 лет служения Родине: Центр профессиональной подготовки Росгвардии по г. Москве отмечает юбилей

СК: задержан наркозависимый, подозреваемый в поджоге квартиры его мамы в Москве

Мэрия учредила собственного застройщика в Екатеринбурге


Панова и Сизикова вышли в финал турнира WTA в Палермо в парном разряде

Рафаэль Надаль вышел в финал турнира в Бостаде

Тарпищев: Рублёву надо не играть, а заняться своим здоровьем

Теннисистка Мария Шарапова снялась без макияжа и укладки


СК: задержан наркозависимый, подозреваемый в поджоге квартиры его мамы в Москве

Собянин: Число проектов комплексного развития территорий возросло до 236

Журналиста The Wall Street Journal Эвана Гершковича приговорили к 16 годам лишения свободы

«Он меня схватил и укусил»: куда жаловаться на травмы во время квеста


Музыкальные новости

Гроссмейстер из Бурятии Жамсаран Цыдыпов продолжает лидировать на турнире «Moscow Open – 2024», набрав 6,5 очков после 7 туров, на пол-очка отстают Борис Савченко, Сергей Волков и Владимир Захарцов

На торги выставлена картина Фрэнка Синатры

Концерт Игоря Бутмана и Сабантуй: куда сходить на выходных в Твери

Дистрибьюция Музыки.



Адвокат Горшков: арест блогера Била не остановит его от новых пранков

Отрытый конкурс красоты и таланта «Одна на миллион»

Несколько авиарейсов в Томск задерживаются из-за тумана

Бизнесмен вакцинировался от суда // Дело об особо крупной растрате рассмотрят в заочном режиме


«Бегал в костюме красноармейца по ресторану отца Андрея Бурковского» Михаил Башкатов в шоу «Вкусно с Анфисой Чеховой» на ТВ-3 рассказал о первом заработке

Прощай, ЕС! Россия будет поставлять газ в Иран по сверхмощному трубопроводу

«Мы голодные!». Дети остались одни дома и просили в окно еды

Экс-глава «Яндекса» Волож заявил об отсутствии связей с Россией


Еще один китайский кроссовер планируют собирать в России: что это за модель?

Владимирская область и Москва подписали контракт о создании нового производства

Новый утильсбор в России изменит цены на автомобили

Транссибирская магистраль | 12) Биробиджан


Bloomberg: В НАТО увидели новую угрозу в российских ледоколах

Александр Немец: из Пекина в Москву пришло жесткое указание "Вон из Беларуси!"

Гениальный ход: Путин переиграл НАТО. Йеменцы прибыли в Москву с интересным предложением. США в панике готовят флот и авиацию

Что изменилось: как приобрести квартиру по льготной программе





Бизнесмен вакцинировался от суда // Дело об особо крупной растрате рассмотрят в заочном режиме

22 июля Всемирный день мозга. Отвечаем на популярные вопросы о когнитивных расстройствах

«Человек — не хищник»: что такое модная карнивор-диета и можно ли ее соблюдать

Еще 2 детских сада и поликлинику построят в ЖК «Бригантина» в Долгопрудном


Кличко снова разнёс Зеленского и предрёк ему политическое самоубийство

Кличко отреагировал на снос усадьбы Зеленских в Киеве

Зеленскому придётся провести референдум, грядущие месяцы будут сложными для него, — Кличко

Киевский режим идёт по пути создания всё новых провокаций


«Спартак» проиграл в первом матче РПЛ под руководством тренера Станковича

Экс-игрок Мостовой: в матче с "Акроном" я увидел обычный "Локомотив"

Министр спорта Забайкалья принял участие во Всероссийском семинаре-совещании по вопросу перспектив развития спортивной отрасли в Москве

Спортивные игры в СЛД "Москва-Сортировочная" филиала "Московский"


В Белоруссии заявили, что Лукашенко может помиловать некоторых участников протестов

Александр Немец: из Пекина в Москву пришло жесткое указание "Вон из Беларуси!"



Собянин рассказал о работе Московского международного дома музыки

Собянин рассказал о жизни Московского международного дома музыки

Собянин: 24 объекта культнаследия восстановили инвесторы по городской программе

Собянин: Началось строительство подъездной дороги к станции Кокошкино МЦД-4


Новый утильсбор в России изменит цены на автомобили

Удобно и безопасно: Москвичам рассказали, как работают перехватывающие парковки для велосипедов и самокатов

Очистные сооружения от завода «ТехВодПолимер»

Транссибирская магистраль | 12) Биробиджан


Собянин: Число проектов комплексного развития территорий возросло до 236

«Он меня схватил и укусил»: куда жаловаться на травмы во время квеста

В Ярославле возобновляется ремонт проспекта Фрунзе

Сегодня День рождения у почетного гражданина Калининграда Олега Газманова


В Архангельске стартовала Соловецкая регата

Архангельская область в топе регионов по лесовосстановлению

АО «Транснефть - Север» обеспечивает надежность производственной инфраструктуры в четырех регионах

Спортсмен из сборной Архангельской области стал победителем масс-старте в Малиновке


Выставка-персоналия «Замечательный русский беллетрист» к 250-летию со дня рождения М.Н.Загоскина, русского писателя и драматурга

«Июльский зной». Цены на «однушки» в Симферополе сильно подогрелись, но не закипели

В чем особенность приготовления лапши вок?

В г.Геленджике состоялся Открытый чемпионат Краснодарского края по фланкировке казачьей шашкой, 2024г


«Бутерброды с килькой»: невестка Ширвиндта о том, как он отметил бы свое 90-летие

Дахлалла: Более 500 тысяч солдат НАТО приведены в повышенную готовность

Мэрия учредила собственного застройщика в Екатеринбурге

Дожди и грозы ожидаются в столичном регионе 22 июля












Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса
ATP

Рафаэль Надаль сыграет в финале турнира ATP впервые с 2022 года






Журналиста The Wall Street Journal Эвана Гершковича приговорили к 16 годам лишения свободы

Мэрия учредила собственного застройщика в Екатеринбурге

Певец SHAMAN считает, что Байден снялся с президентской гонки из-за него

В Ярославле возобновляется ремонт проспекта Фрунзе