Добавить новость
ru24.net
Все новости
Сентябрь
2024

«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ қалдықтарды қайта өңдеу бойынша 4 жобаны қаржыландыруға бекітті

0

«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ инновациялық технологиялар мен инфрақұрылымға қаржы салып, тұрақтыдамуға, көміртегі ізін азайтуға және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған жобаларды қолдайды.

Осылайша, 2024 жылы Қор Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасышеңберінде Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігімен және «Жасыл Даму»АҚ-мен бірлесіп қалдықтарды қайта өңдеу, сұрыптау және кәдеге жарату жөніндегі Бағдарламаны іске қосты.

Осы қаржыландыру бағдарламасына сәйкес, ҚР Үкіметінің тапсырмасы бойынша «Жасыл Даму»АҚқаражаты есебінен қалдықтарды басқару саласындағы 94 инвестициялық жобадан тұратын пулқалыптастырылды. Бүгінгі таңда бағдарламаны іске асыру үшін 2024 жылдан 2026 жылға дейінгі кезеңгеқаржыландырудың жалпы көлемі 185 млрд теңгені құрайды.

Атап айтқанда, Қор 44 жобаны алдын ала қарады және қазіргі уақытта 4 жобаны қаржыландыруға бекітті, бұл Қостанай облысында қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптауды және құрылыс қалдықтарын қайта өңдеуді ұйымдастыру жөніндегі жоба, Степногорск қаласында тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтарды жинау бойынша қызметтер көрсету үшін арнайы техника сатып алу жөніндегі жоба, Шымкент қаласында дайын өнім желісін кеңейте отырып, автомобиль шиналарының қалдықтарын өндіру мен қайта өңдеуді жаңғырту жөніндегі жоба, сондай-ақ, Қостанай облысында резеңке-техникалық бұйымдарды қайта өңдеу және кәдеге жарату өндірісін жаңғырту жөніндегі жоба.

Мақұлданған жобалар ел өңірлеріндегі қалдықтардың санын азайтуға, олардың табиғат пен қоғамдық денсаулыққа теріс әсерін болдырмауға, сондай-ақ қайта пайдалануға және қайта өңдеуге бағытталған. Мысалы, резеңке-техникалық қалдықтарды қайта өңдеу өнеркәсіптің түрлі салаларында кең қолданысқа ие. Ескі көлік шиналары сияқты резеңке қалдықтарды сұрыптау және шығару кезеңінен кейін резеңке үгіндісі қайта өңдеуге жіберіледі, бұл асфальтбетон қоспаларын, резеңке жабындарды, энергия, тыңайтқыштар өндірісін және т. б. көптеген қайта пайдалану мүмкіндіктеріне жол ашады.

Мақұлданған жобаларды іске асыруы қалдықтарды басқару саласындағы міндеттерді шешуге кешендітәсілді көздейді, инновациялық технологияларды енгізуді, ел өңірлерінде қайта өңдеу жабдықтарын жаңғыртудықамтамасыз етеді, және де 102 жаңа жұмыс орнын құрайды.

Айта кетейік, Өнеркәсіпті дамыту қоры қалдықтарды қайта өңдеу жөніндегі жобаларды қаржыландыруғаөтінімдерді келесі шарттармен қарайды және қабылдайды:

  • сыйақымөлшерлемесі-жылдық3%;
  • лизингтікқаржыландырумерзімі-3жылдан15жылға дейін;
  • қаржыландырувалютасы-теңге;
  • лизинг алушының өзқатысуы – жобақұныныңкемінде20%,оныңішіндекемінде10%ақшалайқаражат.

Бағдарлама бойынша толық ақпарат алу және өтінім беру үшін Қордың өңірлік дирекциясына келесі телефоннөмірлері бойынша хабарласуға болады: +7 (7172) 796-440, +7 (7172) 796-470.




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus




Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса
ATP

Теннисиста хотели заставить сдать допинг‑тест во время матча молодежного Итогового турнира ATP






на квартале голуби леталки и квокали вороны пацаны пили и вообще все довольны

Границы Петербурга и Ленобласти не будут менять в ближайшее время

В России пройдет главная премия по криптовалютам и блокчейн-технологиям - Crypto Awards 2024

Напавший на контролера и сломавший турникет на станции Удельная МЦД-3 арестован