Петропавлда 280 орындық балабақшаның құрылысы басталды
Петропавлда «Жас Өркен» шағын ауданындағы Горький көшесінде 280 орындық жаңа балабақшаның құрылысы басталды. Қаланы аралау кезінде облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов құрылыстың басталуын тексерді. Құрылысты бұған дейін «Береке» шағын ауданында балабақша салған тәжірибелі «Основание» компаниясы жүргізуде.
— Жеті жылдық үзілістен кейін өткен жылы өңірімізде мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің құрылысы белсенді түрде қайта жанданды. 2024 жылы «Бірлік» және «Береке» шағын аудандарында жаңа балабақшалар ашылды. «Жас Өркендегі» жаңа балабақша өңірдегі мектепке дейінгі біліммен қамтуды 98,5%-ға жеткізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, балаларды толық қамту үшін қолданыстағы мекемелерді кеңейту жоспарлануда, — деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желіде.
Бұдан бөлек, аралау кезінде өңір басшысы Жұмысшы кентінде теміржол арқылы өтетін жаңа автокөлік жол өткелінің құрылысын тексерді. Бұл инфрақұрылымдық жоба қаланың көлік қолжетімділігін айтарлықтай жақсартып, қазіргі жол өткелінің жүктемесін азайтады және қаланың солтүстік-шығыс бөлігіне балама кіреберіс қамтамасыз етеді. Құрылысты биыл аяқтау жоспарланған. Облыс әкімі жұмыстардың мерзімі мен сапасын қатаң бақылауды тапсырды.