Кристина Шумекова конькимен жүгіру спортынан жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды
Кристина Шумекова конькимен жүгіру спортынан жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды. Облыс әкімі спортшыны жеңісімен құттықтады.
— Жерлес спортшымыз Кристина Шумекованы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатындағы жарқын жеңісімен шын жүректен құттықтаймын! Ол 500 метр қашықтықта 38,48 секундта өтіп, жаңа рекорд орнатты. Кристина әлемдік аренада өңіріміз бен Қазақстанның намысын абыроймен қорғап, отандық спорттың жоғары деңгейін тағы бір мәрте дәлелдеді. Алдағы уақытта Кристинаға жаңа жеңістер, мықты денсаулық және толағай табыстар тілеймін, — деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желіде.
