«Ботай. Ғайып ғалам»: тарихи фильмнің түсірілімі басталды
Өңір басшысы түсірілім тобының мүшелері, фильм режиссері Андрей Авдеев және актерлік құраммен кездесіп, жобаның жүзеге асу барысын жан-жақты талқылады. Кездесу барысында фильмнің Ботай мәдениетінің бірегейлігін көрсету, Қазақстанды жылқыны қолға үйретудің тарихи Отаны ретінде танытудағы рөлі атап өтілді.
— Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тарихи-мәдени мұраны сақтау және дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағыты екенін атап өтті. Бүгінде елімізде ұлттық сананы нығайтып, қоғамның дамуына серпін беретін жобаларға әрдайым қолдау көрсетіледі. Облысымыз отандық кино өндірісінің дамуына өз үлесін қосуда. Мәдениет және ақпарат министрлігі мен «Ұлттық киноны қолдау» орталығының қолдауының арқасында өңірімізде «Ботай. Ғайып ғалам» тарихи фильмінің түсірілімі басталды. Осы орайда аталған жобаға ерекше көңіл бөліп, өңірдің бай тарихи мұрасын кеңінен насихаттауға мүмкіндік бергені үшін Премьер-Министрдің орынбасары Аида Балаеваға шынайы ризашылығымды білдіремін, — деді өңір басшысы.
Жобаның жүзеге асуы ұлттық кинематографияның дамуына, тарихи сананы нығайтуға және өңірдің туристік әлеуетін арттыруға маңызды үлес қосады.
