Ақуызы көп тағамдар дене бітімі толық жеткіншектерге арықтауға көмектеседі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Миссури Университеті ғалымдарының зерттеуіне артық салмағы бар жеткіншектердің үш тобы қатысты. Қатысушылар әдетте аптасына 5-7 күн таңғы астарын ішпейтін. Алғашқы топқа зерттеушілер 12 апта бойы ақуыз құрамы жоғары, екіншісіне ақуызы қалыпты таңғы ас беріп отырды. Үшінші топ әдеттегідей таңғы асын ішпеді.