Астанада ҚХА жылына орай мерекелік шара өтті (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Демалыс күні Астана қаласының мәдениет және демалыс саябағында Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы аясында Татарстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Эльмира Әмірова өзінің концерттік бағдарламасын өткізді, деп хабарлайды astana.kz.