Алматыда «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК спартакиадасы ашылды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның ХV спартакиадасы ашылды. Салтанатты рәсімге Холдингтің құрылымдық бөлімшелері мен еншілес және бағынышты кәсіпорындарының атынан 21 команда қатысты.