Алматыда қарбыз фестивалі өтеді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 29 тамызда 28 панфиловшылар саябағында тұңғыш рет қалалық қарбыз фестивалі өтеді. Қала күні аясында ұйымдастырылатын бұл шара жаз мезгілінің аяқталып, күздің басталғанын білдіреді, деп хабарлайды қалалық мәдениет басқармасынан.