Назарбаев Университетінің жанынан Медицина мектебi ашылды (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Назарбаев Университетiнің» жанынан жоғары медициналық білім беретін Медицина мектебі ашылды. Питтсбург Университетiмен арадағы әріптестік аясында ашылған Медицина мектебi 20 студент пен 23 оқытушыны Биомедицина ғылымдарының кафедрасына қабылдап та үлгерген.