Алматыда білім беру нысандары жаңа оқу жылына толық дайын
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының білім беру саласы 2015-2016 жылдардағы жаңа оқу жылына 98%-ға дайын. Бұл туралы Алматы әкімі Бауыржан Байбектің төрағалық етуімен өткен жиында Білім басқармасының басшысы Рахат Шимашева айтты.