Елімізде жасанды жолмен дүниеге келген сәбилердің саны 10 мыңнан асты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Осыдан 20 жыл бұрын қазақстандық репродуктолог мамандар отандық медицинада тыңнан түрен салды. Бала сүюге зар болған ерлі-зайыптыларға зор үміт сыйлап, экстракорпоралді ұрықтандыруды бастады. Бүгінде елімізде осы тәсілмен дүниеге келген сәбилер саны 10 мыңнан асыпты.