Добавить новость
ru24.net
Новости по-русски
Декабрь
2024
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

«Дүниеде сөйлей алатын жалғыз адам барда сөз тірі»

0

«Қазір біздің қоғамда адамның құны жоқ, есесіне материалдық әлем құндырақ. Негізі адамнан артық құндылық болмауы керек қой. Қойылым сол жайында», – дейді 8 желтоқсан күні премьерасы өткен Söz қойылымында ойнаған актриса Нұржан Бексұлтанова.

Бұл спектакль Artköshe тәуелсіз театрының Alqa жобасы аясында сахналанды. Жоба барысында драматургия, режиссура және адам құқықтары бойынша курстар өтіп, іріктелген 5 драматург пьеса жазып, 5 режиссер спектакль қойды. Соның бірі – Söz қойылымы.

Власть журналистері Söz қойылымының бірнеше дайындығы мен премьерасына барып қайтты.

2 желтоқсан

Кішігірім сұп-сұр камералық сахна. Бір бұрышта режиссер актерлермен бірге қойылымға енген өзгерістерді талқылап тұр. Бір сәтте режиссер музыка қоятын аппарат жаққа қарай ауысты да, екі актер қолғап киіп, бір-бірімен қалжыңдаса, ақ есіктерді сахнаға таси бастады. Бір бұрышта сіріңке қораптары салынған қорапшаларды реттеп актриса отыр.

Бұл – Söz қойылымының сахнадағы негізгі реквизиттері: үш есік, сіріңке толы үш қорапша және қойылымның ең негізгі тірегі – үш кейіпкер. 


«Бүгін музыка қоюшыны дайындыққа шақыруды ұмытып кетіппін. Сондықтан музыканы өзім қоямын. Көңіл-күй жақсы. Дайындыққа көңілім толып жатыр. Репетиция көңілді өтеді», – дейді қойылым режиссері Саламат Өтешов ноутбугін шұқылап отырып.

Актерлер де көңілді. Олар бүгін премьера алдындағы техникалық дайындықты пысықтап алмақшы. Премьераға алты-ақ күн қалды.

Көңілді атмосфера спектакльге дайындық басталғанда өзгеріп сала берді. Күліп жүрген актерлер бірден рөлге еніп шыға келді.

Дайындық сәті

«Сахнаға шыққаннан кейін тұрмыстық дүниенің бәрі ұмытылады. Толыққанды рөлге кіруің керек. Пьеса бойынша жүресің. Тосын жағдайлар болады. Сыртқа шыққаннан кейін қайтадан күнделікті өмірге ораласың. Сахнадағы өмірді сыртта қолдана алмағанмен, сырттағы өмірді сахнада қолдана аламыз. Бірақ бәрін ұмытып, осылай кіресің», – деп түсіндірді актер Әділет Тұрарбеков. 

Актер Әділет Тұрарбеков

Спектакльде негізгі назар бүгінгі әлемде сөздің қадірі жоғалғанына аударылады, кейіпкерлер тыңдаушы да, айтушы да қалмағанын айтып, қынжылады. Сахнада диалог құруға тырысқан үшеудің үні монологпен ғана шектеледі.

«Сөз азайды. Техника көбейді. Жақсы техника. Жақсы реакция. Жылаған адам аз. Бақытты адам да аз. Стандарт адам. Стандарт өмір. Стандарт қоғам», – дейді Хәл атты кейіпкер. Алайда оның ойын Нөл деген екінші кейіпкер үнемі бөліп, «мүмкін, сөздің мүлде қажеті жоқ шығар» деп тұжырымдайды.

«Сөз қадірі болмаған. Бұрынғы заманда, ерте-ерте ертеде болған. Демек мұның бәрі өтірік. Адамға сөз емес, керегі тыныштық», – деп сендіреді Нөл.

Осы екі көзқарастың ортасында жанашырлыққа толы Жан атты кейіпкер тұрады. Ол үнемі өз сауалдарына жауап іздеп, екі образдың арасында қалады. Хәл үмітін үзбейді: «Дүниеде сөйлей алатын жалғыз адам өлмейінше сөз тірі. Біз сөзді қайтара аламыз».

Алайда Нөлдің пікірі бұл үмітті өшіріп, адамзаттың сөздің қиратушы күшіне қарсы тұра алмағанын меңзеп, оның үнін өшіру керек деген ой тастайды. 

«Сөз пропаганда құралы, біреуді кемсіту қорлау. Соғыс, жанжалға себепкер. Жүректі сыздатып, сүйектен өтетін де сөз», - дейді ол. 

Бірде олар саяси философиялық ойға беріліп, мемлекет не үшін құрылғанын, қоғамдық келісім жайын талқылауға тырысады. Атап көрсетпесе де, кей ойынан «адам табиғатынан жауыз» деген Томас Хоббс пен «адамдар өзіне қызмет ету үшін мемлекет құрғанын» талқылайтын Жон Локк теорияларын байқауға болады.

Ал үнемі ойнап тұратын сигнал үшеуін басқарушы құралға айналады. Қойылым ара-тұра елде болған түрлі оқиғаға флешбек жасайды – өрттен қаза тапқан бес бала, судың астында қалған арман, қателіктің артын көпшілік алдында кешірім сұраумен жабу. Алайда үшеуі енді диалогқа түсе бергенде сигнал ойнап, олар сөзді қойып, қайтадан ши жинауға кіріседі. 

«Сіріңке арқылы адамдардың күнделікті тынысын, бес теңге болсын ақша тауып, балаларын бағу үшін жұмысқа басымен кіріп кетіп, ойлау қабілетінен арылғанын көрсетеміз. Бұл біздің жалақыға істеп жүрген жұмысымыз. Режиссердің сахналық шешімі осындай болды», – деп түсіндірді актриса Нұржан Бексұлтанова дайындық алдында сіріңкелерді реттеп отырып. 

Нұржан Бексұлтанова

Актерлер үшін де, режиссер үшін де Artköshe тәуелсіз театрындағы бұл қойылым жаңа тәжірибенің бірі болып тұр. Alqa жобасы аясында драматургтер мен режиссерлер салалық тақырыптарынан бөлек, адам құқығы, әлеуметтік теориялар, гендерлік деколонизация бойынша академиялық сала өкілдерінен дәріс алған. Кейін 5 драматург алғашқы пьесасын жазған және жеребе бойынша қай режиссердің қай пьеса бойынша қойылым қоятыны анықталған.

Саламат Өтешевке драматург Бэлла Қасымқызы жазған пьеса түскен. Ол алғашында пьеса не жайында екенін түсінбегенін, бірақ репетицияда оқып танысу кезеңінде түсініп, ұнатқанын айтады.

«Спектакль – тірі ағза сияқты. Кейде репетицияда қарап отырып, кей тұстарын өзгертіп отырамыз. Спектакль балаң сияқты, балаңа ең жақсысын бергің келеді. Кемшілігін көріп тұрсаң, жөндегің келеді. Менің жұмысым жағдайды құрап берумен шектеледі, қалғанын дамытып, өрбіту актерлердің қолында. Эмоцияға беріліп кететін тұстары бар, артық болмас үшін бүгін соны тазалап отырамыз», – дейді режиссер. 

Режиссер Саламат Өтешев

Саламат Алматы қаласы әкімдігінің «Жаңа ғасыр» театрында режиссер болып қызмет атқарады.

«Бір театр болса да, екеуінің жолы бөлек. Мұнда ой еркіндігі, әрекет еркіндігі бар екенін сезесің. Сол жағынан шығармашылығың да өрбиді. Бұған дейін құндылыққа байланысты ойларым болса да, талқылайтын ортам болған жоқ. Тренингтің арқасында кей ойымның дұрыс екенін білдім, өзім үшін үлкен түйін болды», – дейді Өтешев.

Актерлер бір сағат бойы ақ тер, көк терге түсіп, спектакльді қойып шықты. Осыдан кейін режиссер күлімсіреп: «Біраз демалып алайық, содан кейін қалай өткенін талқылаймыз», – деп сыртқа шығып кетті.

Бірер минуттан кейін бәрі қайтадан сахнаға оралды.

«Әділет, бүгін сенің даусың өте ақырын шығып тұр. Мен ести алмай жатырмын. Қазір қалай ойнап жатсаң, ертең солай жатталып қалады ғой», – деді Бексұлтанова Әділет Тұрарбековке қарата. 

«Тамағым ауырып, жібермей тұр», – деді Тұрарбеков тамақ тұсын ұстап көрсетіп. Премьераға дейін жазылсам болар деп отыр.

Тұрарбековтың айтуынша, мұндай камералық, яғни кішігірім, аз ғана көрерменге қойылатын театрлардың ерекшелігі – дауысыңды көтермей сөйлесең де бәрі естіледі.

«Көрермен залы 100–300 адамға арналған ұлттық театр сияқты емес. Үлкен сахнада үлкен қимыл-әрекет қажет, дауысыңды көтеріп сөйлеуің керек, ал мұнда жай сөйлесең де болады. Өзіме камералық сахналар ұнайды. Осы Artköshe театры алғаш ашылғанда бір спектаклін көрдім. Ой еркін, актерлердің ойыны еркін болды», – дейді ол.

Ал көбіне кинодағы рөлдерімен танымал үшінші актер Кемеңгер Орал үшін бұл екі жарым жылдан кейінгі театрға оралуы екен. Онда да қуыршақ театрында істеген.

«Дайындықты бір ай бұрын бастағанбыз. Спектакльді дайындауға бір ай уақыт берді. Кинодан айырмашылығы – бәрін дәл қазір және осы жерде істеуің керек. Кинода дубль бар, қайталап түсіресің. Театрда жауапкершілік көбірек», – дейді ол. 

Біраз тынығып алғаннан кейін актерлер қойылымды қайта қоюға кірісті. 

Актер Кемеңгер Орал

3 желтоқсан

Келесі күні шығармашылық топ премьераның алдындағы соңғы дайындыққа келді. Бұл жолы қойылымда киетін костюмдері дайын болыпты. Арнайы осы қойылым үшін дайындалған біркелкі хаки түсті комбинезон. 

«Костюм – идеяны жеткізудің құралы. Ол да сөйлеп тұруы керек. Көрермен костюмді көре салғанда, атмосфераға бірден еніп кетуі үшін костюм де, реквизит те үлкен рөл ойнайды. Бұл пьесадағы сөз адамдардың шимай ойы болғандықтан, мен сол ойды костюмдерге енгізгім келіп жатыр. Қағаз бетіне салынған шимай күнделік сияқты», – дейді сол күні дайындыққа келген суретші дизайнер Алмас Керімбек.  

Біз барғанда актерлер қойылымды бір қайтара қойып болып, енді әр бөлігінде кеткен қатені пысықтап жатыр екен.

«Жанды қатты қорқыту керек. Сен бірден беріліп қойма», – деп режиссер де Кемеңгер Орал сомдайтын «жан» рөлінің болмысын түсіндіріп жүр.

«Гармониясы бұзылып кетті ғой. Не істерін білмей жүр, соны жеткізуің керек», – деп актриса Нұржан Бексұлтанова да кеңесін айтып жатыр. 

Бексұлтанованың бұл спектакльде монолог оқитын тұсы жиі болады. Ол мұндай сәтте сөзді кеңістікке емес, қарап отырған әр адамның көзін дәлдеп, соған айтуға тырысамын дейді.

«Көрерменнің тынысын сезбесең, спектакль жүрмей қалады. Біз мұнда үш актер болсақ, төртінші серігіміз – көрермен. Актер деген жалақы үшін жүрген адам емес, жалақы аз ғана ғой. Актер көбіне көрерменнің қошеметі үшін жүреді. Энергия алмасу болады. Сол үшін әр нәрсені жеткізуге тырысасың», – дейді Бексұлтанова. 

Премьера күні

8 желтоқсан. Сағат 16:30-ға таман Artköshe театрының кішігірім дәлізіне көрермен жинала бастады. Қабырғада Söz қойылымының анонсымен қатар, Alqa жобасы аясында қойылған тағы төрт қойылымның постері ілініп тұр. Söz – бес қойылымның ішіндегі соңғысы. 

Бұл кішігірім сахна болғандықтан, ұлттық театрлардағы сияқты қойылым басталардан бұрын үш рет қағылатын қоңырау жоқ. Алайда соның ырымын жасап, осы жобада ментор болған режиссер Куба Адылов көрермен ортасына барып, «бірінші қоңырау соғылды» деп қалжыңдап, жар салып жүрді. Көрермен де оған елең етіп, алдағы премьераны ынтыға күтіп тұр. 

Ал бұл уақытта актерлер отырған сәндену бөлмесінде мүлдем басқа атмосфера. Дайындық кезіндегі көңілді, қалжыңдасып жүрген актерлердің жүзінде уайым басым. Нұржан Бексұлтанова бетіне опа-далап жағып, бір жағынан бізбен сөйлесіп үлгеріп жатыр.

«Қобалжу бар. Соңғы көштің жүгі ауыр деген тағы бар», – деп күлімдеді ол. 

Костюмдеріне пьесадағы кейіпкерлердің сөз туралы айтылған ойлары жазылыпты. Кемеңгер Оралов аяқ киімінің бауын байлап жатып, сөзін іштей қайталап тұр.

«Тапанша. Нан. Су. Бәрі бар», – деп Әділет Тұрарбеков қойылымда сөмкесінде болуға тиіс заттарды реттеп жүр.

«Тапаншаны бір тексеріп алшы, ішінде қанша оқ қалды екен», – деп Кемеңгер уайымын білдірді.

«Кемеңгер, аяқ астынан тапанша істемей қалса, қылқындырған сияқты әрекет жасай сал. Техника ғой, бәрі болуы мүмкін», – деп Бексұлтанова да әңгімеге араласты. 

Олар киім-кешектерін реттеп болғаннан кейін артикуляциялық жаттығулар жасауға кірісті. Әділет пен Кемеңгер арғы бөлмеге өтіп, айғайлап дауыс жаттықтыруға кірісті.

«Жағың сынып кетіп, қойылымды кейінге шегеріп жүрмейік», – деп күліп, режиссер Саламат мұндағы шарықтаған атмосфераны бәсеңдету үшін әзіл айтып жатыр. Актерлердің сезімін жеңілдеткісі кеп жүргендей.

«Ең бастысы, қобалжымау керек Өйткені мұнда әркім өз ісінің маманы, не істеу керегін біледі. Позитив көзқарас маңызды», – дейді Саламат Өтешев актерлерге қалай қолдау беретіні туралы сұрағымызға. 

Әйтсе де, бірер минуттан кейін «іштей сәл қобалжу бар» екенін жасырмады.

Барлық заты дайын болғаннан кейін әркім ішінен сөзін сыбырлай қайталай бастады. 

Бірер минуттан кейін бір айдан астам уақыт дайындалған спектакль алғаш рет көрерменге жол тартты. Ал бірнеше сағаттан кейін шығармашылық топ Alqa жобасындағы әділ қазылар шешімімен қойылған 5 спектакль ішінде үздік деп танылып, бас жүлдеге ие болды. Пьеса авторы мен режиссері Берлинде 2025 жылы өтетін Theatertreffen фестиваліне бару мүмкіндігіне ие болды. 




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus




Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса
Елена Рыбакина

Елена Рыбакина уверенно обыграла Симону Халеп в матче Мировой теннисной лиги






В январе на Киностудии Горького проведут бесплатные мастер-классы

Предоплата и кривая ссылка: как распознать фальшивый сайт интернет-магазина

Тутберидзе: хотелось бы, чтобы в России побеждали с ультра-си, это намного сложнее

Совет Федерации одобрил закон о регуляторных контрактах в газоснабжении