Қазақстандық әскери қызметшілер ҰҚШҰ елдерінің десантшыларымен бірлескен арнайы операциялар өткізді
«Струги Красные» полигонында (Псков облысы) «Өзара іс-қимыл-2015» ҰҚШҰ Жедел ден қою ұжымдық күштерінің арнайы мақсаттағы бөлімшелерімен бірлескен оқу-жаттығудың белсенді кезеңі басталды. Оның құрамында ҚР ҚК әскери қызметшілері де бар.
ҰҚШҰ ЖДҰК арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің практикалық жарысын өткізу аясында қару мен есірткі заттарын алып өтіп бара жатқан топты іздеу бағытын анықтау және қолға түсіру іс-қимылын жүргізу бойынша бірлескен іс-қимыл пысықталды.
Қарсылас жасайтын іс-қимылдың жағдайы мен сипаты, оның құрамы туралы нақты мәлімет алғаннан кейін ҰҚШҰ ЖДҰК қолбасшысы бөлімше командирлеріне ҰҚШҰ бөлімшелерінің жауапты аудандарындағы диверсиялық-барлау жасақтары мен бандқұралымдарын қамау және жою жөнінде тапсырмалар берді.
ҰҚШК мүше алты елдің десантшылары бірлесіп заңсыз қарулы құралымдарды шартты басып алу, базасын жою және тұтқындарды босату бойынша арнайы операцияларды жүргізді.
Бірлескен операциялар барысында Ресей және Белорусь елдерінің барлаушылары берілген аумаққа десант ретінде түсіріліп, Қырғызстан мен Тәжікстанның тактикалық десанты оқ атуды қолдау кезінде тікұшақпен берілген аймаққа жеткізілді, Қазақстанның ӘӘК бөлімшелері Ресей ТЖМ бірге төтенше жағдайлардың салдарын жою мәселесін пысықтады.
Бірлескен оқу-жаттығуға жеке құрамнан барлығы 2000-ға жуық адам, 200 бірлік әскери техника және 40 ұшақ пен тікұшақ тартылды.
На полигоне «Струги Красные» (Псковская область) началась активная фаза совместных учений подразделений специального назначения коллективных сил оперативного реагирования ОДКБ «Взаимодействие - 2015», в которой участвуют военнослужащие ВС РК.
В рамках проведения практического розыгрыша подразделения специального назначения КСОР ОДКБ отработали совместные действия по обнаружению и проведению засадных действий на маршруте следования группы, перевозящей оружие и наркотические вещества.
После получения уточненных данных о составе, положении и характере возможных действий противника командующим КСОР ОДКБ была поставлена боевая задача командирам подразделений на блокирование и уничтожение диверсионно-разведывательных отрядов и бандформирований в районах ответственности подразделений КСОР.
Десантники из шести стран ОДКБ совместно провели специальную операцию по захвату, уничтожению базы условных незаконных вооруженных формирований и освобождению заложников.
В ходе совместной операции разведчики из России и Беларуси десантировались в заданный район, тактический десант из Киргизии и Таджикистана при огневой поддержке был переброшен в заданный район вертолетами, подразделения ВДВ Казахстана совместно с МЧС России отработали вопросы по ликвидации последствий чрезвычайных ситуаций.
Всего в совместных учениях было задействовано около 2000 человек личного состава, 200 единиц военной техники и 40 самолетов и вертолётов.